Ақпарат
- Орналасуы
- Түркістан облысы
- Кезеңі
- 1101 – 1500
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Дереккөздер
- http://azretsultan.kz/eng/underground-mosque-kumshik-ata-hii-c/
Сипаттама
Жүсіп ата кесенесі Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Кесенеде бұрындары ешкандай археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жүргізіліп, құрылыстың іргесі ХV ғасырда қаланғандығы анықталды. Кесененің бастапқыда Қабірхана мен Жамағатхана бөлмелері ғана болған, кейіннен ХХ ғасырдың басында жергілікті тұрғындар Асхана бөлмесін тұрғызған. Жамағатхана бөлмесінің күмбезі де төбе жабыны да біздің күнімізге түпнұсқа күйінде жетпеген. Тек Қабірхана бөлмесі ғана бүтін жеткен. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы жағдайда. Жүсіп ата кесенесі қабірхана , жамағатхана бөлмелерінен тұрады және екі бөлме де күмбезделіп жабылған. Құрылыстың жалпы ұзындығы 14,2 м, ені 12,8 м, биіктігі 13,5 м. 2008-2010 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан Жүсіп ата кесенесіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тарихи деректерге сүйенсек Жүсіп ата Қожа Ахмет Ясауидің замандасы, шәкірті, тағы бір аңыздарда жиені болғандығы айтылады. Ол туралы деректер көп сақталмаған. Аңыз, әпсаналар мен жергілікті көнекөз қариялардың айтуы бойынша Жүсіп атаны жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп атаған. Оның мәнісі «Аллаға ғашық» дегенді білдіреді.