Ақпарат
- Орналасуы
- Түркістан облысы, Түркістан қаласы
- Кезеңі
- 1801 – 1900
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Сәулет ескерткіші, Қала құрылысы
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Оңтүстік Қазақстан облысы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994 ж.
Сипаттама
Ескі қаланың еуропалық бөлігінің құрылысына кіреді. Жақын жерде орналасқан казарма ғимаратымен бірге бұл Түркістан гарнизоны ғимараттар кешенінен сақталған жалғыз ғимарат. Ғимарат типтік жоба бойынша салынған. Қабырғасы кірпіштен қаланған, сыланбаған, іргетасы тас, едені ағаш, төбесі темір. Штаб ғимараты кірпіш стилінің тән үлгісі болып табылады. Ғимаратта көше және аула қасбеттеріне бағытталған бөлмелердің дәліздік схемасы бар.