Темір жол станциясы кешені

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Кезеңі
1903
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Сәулет ескерткіші, Қала құрылысы
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстан Республикасының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Оңтүстік Қазақстан облысы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994 ж.

Сипаттама

Вокзал маңы ауданы 1901-1903 жылдары Орынбор-Ташкент жолын салу кезінде теміржолшылардың орнында қалыптасты. Жол құрылысымен қатар станция құрылысы жүргізілді. Кенттің күрделі ғимараттары 1903-1905 жылдарға жатады. Вокзал алдындағы алаң, 20 ғасырдың басындағы станцияға тән дөңгелек бақтың негізінде қайта жоспарланған. 50-ші жылдардың ортасында салынған емхананың және Теміржолшылар мәдениет сарайының екі қабатты ғимараттары қазіргі құрылыстармен үйлеседі. Жоспарлау мен құрылыстың бастапқы ауқымы сақталған және бүгінгі күнге дейін вокзал маңындағы құрылыстар кешенін қабылдаудың көркемдік тұтастығына әсер етеді.

 



Карта

Бөлісу
Темір жол станциясы кешені — Archaeology.kz