Ноғай Ишан мешіті

Түркістан облысы, Созақ ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Созақ ауданы
Кезеңі
1801 – 1900
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Мешіт
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстанның тарихи-мәдени орындары мен жалпы зиярат ету орындарының альбомы. – Астана: ҚазМҒЗИ, 2018. – 496 бет.

Сипаттама

Мешіт осы өлкелерге уағыз айтып, рухани қызмет ету мақсатында келген, өңірге белгілі дін қайраткері, этникалық ноғай шейхы Ахметтің есімімен аталған. Шейх Ахметті өз жерлестері құрметтеп, қайтыс болғаннан кейін Ноғай-Ишан деген атпен танымал болды. Ноғай-ишан мешіті Созақтың ең үлкен сәулет ескерткіші. Құрылымы (өлшемдері 32×15) күйдірілген кірпіштен және ағаш конструкциялардан тұрғызылған, төбесі шатыр темірмен жабылған. Жоспары тікбұрышты бұл нысан бір-бірімен байланысты бірнеше бөлмелерден және шығыс жағында орналасқан құрылыстан тұрады. Соңғысы михрабы бар айван ретінде жасалған. Екі бүйір мұнарасы бар кіреберіс порталы өте ерекше сипатқа ие. Ғимараттың ортаңғы жағы - түрлі-түсті суреттері бар плафондармен безендірілген үлкен намазхана. Мешіттің архитектуралық шешімі ерекше және Орталық Азия культтік сәулетіне тән формалар мен еуропалық сәулет дәстүрінің өзіндік реминисценцияларын синтездейді. Кеңес дәуірінде мешіт өзінің тікелей функционалдық маңызын жоғалтып, билік тарапынан клубқа берілді және елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта Ноғай-ишан мешіті республикалық маңызы бар ескерткіш және маңызды қажылық нысаны болып табылады.


Карта

Бөлісу