Түркістан қаласындағы белгісіз кесене (сағана)

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Кезеңі
1501 – 1600
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Кесене
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстан Республикасының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Оңтүстік Қазақстан облысы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994 ж.

Сипаттама

Кесене қорым аумағында, Ахмет Яссауи ханакасының оңтүстік-батысқа қарай 45 м жерде орналасқан. Қираған кесене. Кесененің жер беті толығымен дерлік жоғалған, бірақ сағана қанағаттанарлық жағдайда сақталған. Төрт аласа қабырғалы сүйір аркалары сағананың аласа күмбезін тіреп тұр. Сағананың кіре берісі оңтүстік-шығыс жағынан сүйір арка жабылған аласа ойық арқылы жасалған. Сағананың ішкі жағы сыланбаған. Еден балшықтан жасалған. Аты белгісіз кесене орта ғасырлардағы бірегей сәулет ескерткіші, қорымның құнды нысаны болып табылады.


Карта

Бөлісу