Бекі қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Кезеңі
1701 – 1900
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым, Кешен
Түрі
Ансамбльдер мен кешендер

Дереккөздер

  • Маңғыстау энциклопедиясы/- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008.

Сипаттама

Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен батысқа қарай 4 км жерде 120х80 м аумақты алып жатқан қорым. Құрамында күмбезді 3 қорхана, көрнекті 12 сағанатам, 2 сандықтас және 100-ден астам алуан түрлі шағын құлпытас, қойтас, үштас, төрттас, бестас, құлпытастардың басқа да дәстүрлі типтері бар. Қорымның орталығында орналасқан 2 күмбезді көрхананың (19-20 ғғ.), 2 күмбезді сағанатамның (20 ғ.) архитектуралық-көркемдік маңызы зор. Күмбезді көрханалар, сағанатамдар мен шағын құлпытастар жергілікті дәстүр бойынша және белгілі техникалық нұсқалармен ойылып, соңынан табиғи бояулармен өрнектелген. Ою-өрнектің нұсқасы көгілдір ою-өрнек мотиві, зооморфтық, геометриялық, космологиялық, тұрмыстық және т.б. тақырыптар негізінде жасалған. 

Карта

Бөлісу
Бекі қорымы — Archaeology.kz