Ақпарат
- Орналасуы
- Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
- Кезеңі
- 1601 – 2000
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым, Кешен
- Түрі
- Ансамбльдер мен кешендер
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы / - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008
Сипаттама
Сенек қорымы дәстүрлі сәулет өнері ескерткіштері; 19-20 ғғ. салынған. Қарақия ауданы Сенек ауылынан шығысқа қарай Хорезмге баратын ескі керуен жолының бойында орналасқан. Екі қорымнан тұрады. Біріншісіне ауданы 1,5 га 3 күмбезді гөрхана, 31 сағанатам және бір-бірден құлпытас пен көктас, екіншісіне ауданы 1 га 2 күмбезді гөрхана , 20 жуық сағанатам мен құлпытас кіреді. Бұл ескерткіштер ішінен Дүтбай Жандаулетұлы мен Нұрнияз Ізбасарұлы тұрғызған Нұрберген Қалышұлының көрханасы ерекше көзге түседі. Гөрхананың құрылымы шаршы пішінді (5,0х5,5 м) цоколь мен цилиндр мойындыққа орнатылған шатыр күмбезіне үйлесуіне негізделген.