Ақпарат
- Орналасуы
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
- Кезеңі
- 1801 – 1900
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Сипаттама
Кесене тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған, бетше босағалы-күмбезді, кіреберіс бөлігі нығайтылған. Жоспарында шаршы пішінді болып келген негіз цилиндр іспетті күмбез асты барабанда тұрған іші қуыс парабола кескінді күмбезбен жабылған. Кіреберіс бөлік тар дәлізбен айқындалады, оның көлбеу осі бөлменің қиғаш осіне сай келеді, сол себепті кесененің кіреберіс ойығы бүйірлік (оңтүстік-шығыс) қасбетінде орналасқан.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Оның ұзына бойы және көлденең осьтерінде шаршы пішінді төрт ойық бар. Кіреберіс камераның кеңістігі жалған күмбезшемен жабылған. Кіреберіске қарама-қарсы жақта тар терезе ойығы орналасқан. Камерада бүйірлік қабырғаларды бес-бестен жағалай орналасқан он қабір үсті ескерткіші бар.