Ақпарат
- Орналасуы
- Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы
- Кезеңі
- 501 – 1300
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қалашық
- Түрі
- Археология ескерткіштері
Сипаттама
Жалпақтөбе ауылының аумағында орналасқан.
2010 жылы ескерткіштер жинағының экспедициясы «Археологиялық сараптама» ЖШС зерттелген (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев), құралдық жоспары алынып, географиялық координаттар алынды. Қазіргі уақытта тығыз құрылыс нәтижесінде қалашықтың көлемі 70x70 м құрайды, кейбір жерлерде қабырғаның кірпіші байқалады. Сақталған қабырғалардың биіктігі – 1 м. ескерткіштің аумағы қоршалған, өйткені ХХ ғасырдың бірінші жартысында ескерткішті зират алып жатты.
Ескерткішті 1939-40 жылдары Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (Г.И. Пацевич) зерттеген. 1956 жылы қалашықта ҚазССР ҒА ТИАЭ САЭ отряды (Т.Н. Сенигова) қазба жұмыстарын жүргізді. 1983-86 жылдары ҚазКСР ҒА ТАЭ және ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТИАЭ Тарих және мәдениет ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы зерттеді (К.М. Байпақов). Қазіргі уақытта қалашықтың аумағын зират алып жатыр.
Айналасында Жалпақтөбе ауылының бақшалары мен ғимараттары орнаалсқан. Қазіргі уақытта мұнда қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.
Г.И. Пацевичтің пікірінше, Жалпақтөбе қалашығын 10 ғасырдағы араб географы Аль-Макдиси хабарлаған Джикиль қаласымен сәйкестендіруге болады. Жалпақтөбе мен Жікілдің сәйкестігі туралы пікірмен Т.Н. Сенигова мен К.М. Байпақов келіседі.