Қали Жүніс моншасы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Кезеңі
1901 – 1950
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Сәулет ескерткіші, Монша
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Сипаттама

Монша Әулие Ата қаласының тұрғыны – алғашқы меценат Қали Жүніс Маюсуповтың қаражатына салынған деп есептеледі. Аңыз бойынша, Қали Жүніс Маюсупов өзінің әдептілігімен, жомарттығымен және қарапайымдылығымен танымал болған ежелгі Тараздың көпес-меценаттарының бірі.

Ол Бұхара шеберлерінің қолымен жасалған ғажайыптар туралы естіп, өз қаласында дәл осындай монша салғысы келді. Монша салу кезінде Шығыс ортағасырлық моншалардың сәулеттік құрамы мен жылыту жүйесінің принциптері қолданылды. Моншаның интерьері фрескамен безендірілген. Кескіндеменің ою-өрнегі геометриялық. Монша көп күмбезді ғимарат түрінде салынған бес бөлмеден тұрды. Қабырғалар күйдірілген кірпіштен жасалған. Монша кіреберістен, вестибюльден, демалыс бөлмесінен, массаж бөлмелерінен, жылыту бөлмесінен, үш ванна бөлмесінен тұрады, суық және ыстық суды сақтауға, суды жылытуға арналған үлкен резервуарлар бар, аулада құдық орналасқан. Желдету және жарықтандыру күмбездегі қабырғалар арасындағы параллель орналасқан тесіктер мен тауашалар арқылы жүзеге асырылады. Монша жылтатын еденмен қамтылған. Құрылымның жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайды. Қабырғалардың биіктігі – 3 м., қалыңдығы – 0,8 м. сонымен қатар, кейбір бөлмелердің күмбездерге дейінгі биіктігі шамамен 5-6 м құрайды.

Ғимарат алғаш рет 1986 жылы қалпына келтірілді, 2001 жылы Тараздың мерейтойына орай Жамбыл «Қазреставрация» мамандары ғимаратты қайта қалпына келтірді. Ғимараттың күмбездері толығымен қалпына келтірілді.


Карта

Бөлісу