Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мүсіні

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы
Кезеңі
1971
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Сәулет ескерткіші, Бюст
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Сипаттама

Ескерткіш Жәнібек ауылында орнатылған. Кеуде мүсіні қоладан құйылған, тұғыры және тақта тасы бар. Негізі – қызыл, жылтыратылған граниттен тұрады. Тұғырдың биіктігі -3,30 м. Тұғыр негізінің мөлшері -55х70 см. Тақта тасы - 420х470 см. Тұғырда «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова. 1992-1943 жж.» деген жазу жазылған. М. Маметова 1922 жылы 5 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Орда ауылында дүниеге келген. 1942 жылы ол ерікті түрде Қызыл Армия қатарына кіріп, майданға аттанды. Бөлімде ол үздік пулеметші болып есептелді. Оған аға сержант атағы беріліп, пулеметшілер расчетінің командирі болып тағайындалды.

1943 жылы 16 қарашада Невель түбінде болған кескілескен шайқаста Мәншүк Маметова ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасының 1944 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен аға сержант М. Маметова Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Карта

Бөлісу