Белағаш қорымы

Ескерткіш Белағаш селосынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерден көрініс береді. Қорым биік күйген төбенің басында, тартылған Ақсу өзенінің сол жағалауында, Ащысу өзенінің оң жақ саласында Белағаш-Рыбинское селоларының грейдерінен оңтүстік-шығысқа қарай 1 км, Ташық селосынан шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.

Қорым 4 тас қорғаннан тұрады. 1 қорған – тас үйінділі, диаметрі 6 м, биіктігі 0,8 м. 2 қорған – тас үйінділі, диаметрі 8 м, биіктігі 0,8 м. Қорғанның ортасында диаметрі шамамен 3 м, тереңдігі шамамен 0,5 м дөңгелек шұңғылша орналасқан. Қорған тонаушылыққа ұшыраған. 3 қорған – тас үйінділі, диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м. 4 қорған – тас үйінділі, диаметрі 2 м, биіктігі 0,5 м. Қорғандар тегістелмеген, орташа және ірі көлемді тастардан қаланған.

Ескерткішті 2010 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ САИ баралу тобы ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Белағаш қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар