Қамал қонысы

Нұра өзенінің оң жағалауында, Қамал (Ақтас) қыстауынан батысқа қарай 0,8 км, Қарағанды-Қарқаралы тасжолынан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. 6 000 шаршы метрді алаңды алатын аумақта 29 құрылыс қалдықтары табылған. Олар жағалау бойымен созылып жатыр. Құрылыстар негізінен тікбұрышты пішінді, жайдақ қазаншұңқырлары бар тас құрылымды болып келеді. Құрылыстар көлемі 10х12-ден 12х18 м жетеді. Құрылымының екі қабатты қабырғалары да көзге түседі. Қоныста диаметрі 20 м жететін сопақша және дөңгеленіп келген тұрғынжай қазаншұңқырлары көзге шалынады.

Мәдени қабатты аршыған кезде жануарлардың сүйектері мен федоров үлгісіндегі керамикалық заттардың сынықтары кездескен. Шурфтан доңғал үлгісіндегі ыдыс-аяқ сынықтары да табылған. Ескерткіш екі қабатты, орта және кейінгі қола дәуірінде тіршілік болғаны байқалады.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қамал қонысы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қоныс
Қорғау аймағы Бар