Үштау қорымы

Нұра өзенінің оң жағалауында, Үштау селосының фермасынан солтүстік- шығысқа қарай 300 м, Ынталы селосына қарай жолың екі жағында, мұсылман бейіттерінің оңтүстік-батысына қарай орналасқан. Ескерткіштің алаңын бүгінгі күнгі орлар кесіп өтеді.

Төрт тас-топырақты қорған мен екі тас қаламадан тұрады.

№1 қорған – биіктігі шамамен 2 м, диаметрі 19 м, қорған үйіндісінің маңында тас қоршаулар немесе бетімен жатқан гранит плиталар бекітпелерінің қалдығы көзге шалынады. Қорған ені 5-6 м, диаметрі 25 м ормен қоршалған. Қорғаннан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы шамамен 50 м, ені шамамен 1 м тас мұртты қорғандар созылып жатыр. Мұрттар ішінара жол жөндеу жұмыстарынан зақымданған.

2 қорған – диаметрі 18 м, биіктігі – 1,7 м, қорғанның маңында диаметрі 24 м, ені 4-5 м ор қазылған.

3 қорған – диаметрі 20 м, биіктігі – 2 м, ордың диаметрі – 28 м. Қорғаннан оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы шамамен 50 м тас мұртты қорғандар созылып жатыр.

4 қорған – диаметрі 19 м, биіктігі – 2 м, қорғанның маңында – диаметрі 23 м бекітпелер бар, ол диаметрі 25 м ормен қоршалған. Қорғанның шығыс жағында ұзындығы шамамен 50 м тас мұртты қорғандар созылып жатыр.

5 құрылыс – диаметрі 7 м, биіктігі 0,2 м тас қорған.

6 құрылыс – диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м тас қорған, қорғанның ортасында тастар жоқ.

2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Үштау қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар