Әділ қорымы

Нұра өзенінің сол жағалауында, Ащысу станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км, өзеннен оңтүстік-батысқа қарай 0,3 км, теміржолдан солтүстік- шығысқа қарай 1,4 км жерде, жазық алаңда орналасқан. Ерте темір ғасырының бес тас-топырақты қорғанынан және кейінгі орта ғасырлық топырақты және тас құрылысынан тұрады. 1 қорғанның диаметрі 25 м, биіктігі 3,5 м, диаметрі 30 м ормен қоршалған. Ордың тереңдігі 0,4 м, ені – 2-3 м. Қорғанның басында – тонаушылықпен қазылған сопақша шұңқыр бар. Қорғанның шығыс жағында көлемі 2х0,8 м, тереңдігі 1,5 м бүгінгі күнгі орлар қазылған. Қорғаннан шығысқа қарай ұзындығы 210 м, ені шамамен 1 м екі тас мұртты қорған созылып жатыр. Олардың әрқайсысы диаметрі шамамен екі метр кішігірім қорғандар болып табылады.

Басқа қорғандар да диаметрі 20 м, биіктігі 1-1,2 м, ормен қоршалған тасты- топырақты болып келеді. 1 қорғаннан солтүстікке қарай 30 м жерде көлемі 8х6 м, биіктігі 0,6 м тікбұрышты пішінді топырақты қорған орналасқан. Осындай тағы бір топырақты қорған оңтүстіктегі мұртты қорғанның шығысынан көрініс береді. Олардың қатарында – көлемі 1,5х3 м, биіктігі шамамен 0,3 м сопақша пішінді тас қаламалар орналасқан.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Әділ қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар