Алтынтөбе 3 қорымы

Алтынтөбе 3 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы
✓

Сипаттама

Алтынсу өзенінің оң жағалауында орналасқан төбе басында, белгілі Алтынтөбе кенішінің солтүстігінен көзге түседі. 1 қорғанның батысына қарай 10 м жерде бар жағынан айқын көрінетін триангуляциялық белгі орнатылған.

Қорым екі қорғаннан тұрады. 1 қорғанның диаметрі 18 м, биіктігі 1,6 м. Осы қорғанның ортасында үлкен тонаушылықтан қалған шұңғыма бар. 2 қорғанның диаметрі 4 м, биіктігі – 0,25 м.

Алтынтөбе 3 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу