Дермен қорымы

Дермен қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Дермен қорымы Нұра өзенінің сол жағалауында, Дермен қыстауының жұртынан оңтүстік-батысқа қарай 0,6 км, телемұнарадан оңтүстік-батыс-батысқа қарай 11 км жерден көрініс береді. Ескерткіш биіктігі 2-3 метр кішігірім төбе басында орналасқан.

Қорым төрт үлкен және алты кіші қорғаннан тұрады.

№1 қорған - тас-топырақты, диаметрі 20 м, биіктігі 1,5 м.

№2 қорған - тас-топырақты, диаметрі,25 м, биіктігі 1 м.

№3 қорған – топырақты, диаметрі 9 м, биіктігі 9,5 м.

№4 қорған - тас-топырақты, диаметрі 20 м, биіктігі 0,8 м.

№5 қорған - тас-топырақты, диаметрі 3 м, биіктігі 2 м.

№6 қорған – диаметрі 3 м, биіктігі 0,1 м.

№7 қорған – диаметрі 3 м, биіктігі 0,2 м.

№8 қорған – диаметрі 4 м, биіктігі 0,3 м.

№9 қорған – диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м.

№10 қорған – диаметрі 2 м, биіктігі 0,1 м

Дермен қорымын 1984 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу