Дермен тұрағы

Дермен тұрағы Нұра өзенінің оң жағалауында, Алтынсу өзенінің сағасына қарсы, Дермен қысатуының жұртынан солтүстік-шығысқа қарай 0,7 км, Қарағанды-Қарқаралы тасжолынан оңтүстігінде орналасқан. Ескерткіш бірінші алқапты алаңнан көрініс береді.

Материалдар жарлауыт жерден және оның астыңғы жақтарынан табылған. Ескерткіштің алаңында 50-ші жылдары саман әзірлеу үшін әзірленген бес сопақша пішінді шұңқырлар көзге түседі. Шұңқырларды тұрақтың мәдени қабаттары кесіп өтеді. Тұрақтағы заттар ағыс бойынан төменгі үйін ділерден табылған (Дерменнің орналасқан жері). Тұрақтан табылған материалдар жебе ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес пластикалар, жаңқалар түрінде кездескен.

1984 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ қызметкерлері ашқан. Материалдар жинақталып, коллекциясы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы археологиялық мұражайда сақтаулы.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Дермен тұрағы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Тұрақ
Қорғау аймағы Бар