Дермен І қорымы

Дермен І қорымы Шешенқара селосынан батысқа қарай 9,5 км, Дермен қыстауының жұртынан солтүстікке қарай 1,5 км, №3 разъезден солтүстік-батысқа қарай 3,5 км, Қарағанды –Қарқаралы тасжолынан оңтүстік-шығысқа қарай 0,5 км жерде орналасқан. Архитектуралық композицияның негізін тас үйінділі диаметрі 9 метр, биіктігі 0,4 метр екі қорған құрайды. Қорғандардан шығысқа қарай тас сүрлеулер (мұрттар) кетеді. Мұрттың ұзындығы – 140 метр. Олардың шет жақтарында диаметрі 4-5 метр, биіктігі 0,2 метр тас қорғандар орналасқан. Орталық қорғандар тонаушылыққа ұшыраған.

Дермен І қорымын 1984 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Дермен І қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар