Құндынқозы қорымы

Құндынқозы қорымы Нұра өзенінің оң жағалауында, Ащысу станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км, бейіттерден 0,6 км, кішігірім төбе басында, Қарағанды-Қарқаралы тасжолының оңтүстігінде орналасқан.

Ескерткіш мұртты қорғаннан және негізгі қорған мен «мұртты» қорғанның арасында орналасқан екі тікбұрышты тас қаламадан тұрады. Негізгі қорған тас үйінділі болып келген, оның диаметрі 13 метр, биіктігі 0,5 метр. «Мұрттардың» соңғы жақтарында диаметрі 2 метрден қоғандары бар, «мұрттар» ұзындығы шамамен 50 метр, ені 1 метрден аспайды. Тас қаламалар ендік бағытқа қараған, көлемі 3х1,5 метр. Егізгі қорғанның «мұрты» оңтүстік-батыс-солтүстік-шығысқа қараған.

Құндынқозы қорымын 1984 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Құндынқозы қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар