Алтынтөбе қонысы

Алтынтөбе қонысы Алтынсу өзенінің оң жағалауында, Алтынтөбе кенішінің қасында орналасқан. С.У.Жауымбаевтың басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қызметкерлері ашқан. 1979 жылы үш жеркепе табылған. 2007 жылы жүргізілген жұмыстар кезінде жеркепелер кездеспеген. Қоныстың маңында диоптаздың коллекциялық тасын іздеу жұмыстары жүргізіліп, қоныс бүлінушілікке ұшыраған. Қоныстың мәдени қабаты жарып ашу жұмыстарынан бұзылып қалған, жоғары қабатында жануарлар сүйектері мен ою-өрнексіз саздан жасалған ыдыс-аяқтар кездеседі.Ескерткіш қола дәуіріне жатады және ежелгі кен қазушылардың тұрғылықты мекенжайлары болғанға ұқсайды. Ғылыми қазба жұмыстары жүргізілген соң, ежелгі Қазақстан тарихының дереккөзіне айналуы да мүмкін.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Алтынтөбе қонысы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Типі Қоныс
Қорғау аймағы Бар