Алтынтөбе кеніші
Кеніш Алтынсу өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ескерткіш жиырма төрт ашық карьерден тұрады, шахта да бар. Аласа төбеден көрініс береді. Ежелгі үйінділер арасынан керамика қалдықтары мен тоттанған мыс кені жинақталған. Қабырғалары мен геологиялық ор ішінде кальцит, ашириттің (диоптаз) түйіршіктері табылған. Басқа минералдардан куприт пен малахит алынған. Керамика коллекциясын қола дәуір ескерткіштеріне жатқызуға болады.
С.У.Жауымбаевтың басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қызметкерлері ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.