Ащысу 1 қорымы

Ащысу 1 қорымы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, Ащысу өзенінің сол жағалауында, Аюлы селосынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км, «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолы бойындағы көпірден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан. Ескерткіш 4 қорғаннан тұрады.

1 қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,8 м, топырақты, ішінде тас үйіндісі бар, қоршаудың диаметрі 7 м.

2 қорғанның диаметрі 6 м, биіктігі 0,5 м, тас-топырақты.

3 қорғанның диаметрі 7 м, биіктігі 0,5 м, топырақты, ішінде тас үйіндісі бар, қоршаудың диаметрі 6 м.

4 қорғанның диаметрі 7 м, биіктігі 0,5 м, тас-топырақты.

Ащысу 1 қорымын 1979 жылы В.Г.Ломанның басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ащысу 1 қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар