Ащысу қорымы

Ащысу қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1799 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы
✓

Сипаттама

Ескерткіш Ащысу өзенінің сол жағалауында, Ащысу өзені арқылы өтетін көпірден шығысқа қарай 110 м, «Қарағанды-Қарқаралы» автожолынан солтүстікке қарай 30 м жерде орналасқан.

Қорым жыртылған. 2005 жылы тек 4 қорған ғана сақталып қалған. Қорғандар жазық жерде, жақсылап шым төселген жерде орналасқан. Қорғандардың диаметрі 12-ден 15 м дейін, биіктігі 0,5-0,6 м. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізген. Диаметрі 15 м, биіктігі 0,5 м 1 қорған қазылған. Қорғанның диаметрі 14 м сақиналы қоршауы мен сыртқы диаметрі 16,5 м шұңқыры бар. Қорған үйіндісінің астында екі жерлеу шұңқыры көзге түседі.

Қорғаннан сүйектен жасалған ауыздықпен бірге аттарды жерлеу орындары табылған. Қорымда тонаушылыққа ұшыраған адамдар қабірлері, одан керамикалық ыдыс-аяқтар да қазылып алынған. Сонымен бірге ілмек-бақандар мен тастан жасалған жебе ұштары алынған.

2005 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу