
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Сарыорман қорымы Ботақара селосынан солтүстік-батысқа қарай 6 км (құс фабрикасы), қарағайлы-қайыңды орман өсіп тұрған, жазық төбенің солтүстік беткейінде орналасқан.
Қорым солтүстік-шығысқа қараған екі тас қорғаннан және екі «мұрттан» тұратын кешен іспеттес. Қорғандар аса биік емес, табақ тәріздес, сақина пішіндес болып келген. Сақинаның ені 1,2-1,8 м. №2 қорғанның ішінде диаметрі шамамен 2 м тас қалама бар. Қорғандардың көлемі төмендегідей болып келеді:
№1 қорған – диаметрі 8 м, биіктігі 0,2 м.
№2 қорған – диаметрі 7 м, биіктігі 0,2 м.
«Мұрттарының» ұзындығы шамамен 70 м, ені – 1-1,5 м.
Сарыорман қорымын 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан. (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.