Жыланды тау қорымы

Жыланды тау қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы
✓

Сипаттама

Жыланды тау қорымы Нұра өзенінің сол жағалауында, Плотинное селосынан батысқа қарай 1,5 км, электр беретін желілерден оңтүстік-батысқа қарай 1 км, Нұра өзенінің оң жағалауындағы геодезиялық белгіден оңтүстікке қарай шамамен 5 км жерде орналасқан.

Ескерткіш қорған түріндегі сегіз құрылыстан, тас қоршаулы қорғандардан және тігінен қаланған плиталы тас қоршаулардан тұрады. №1 қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м, қорғанның ішінде тігінен қаланған плиталардан қоршаулар қойылған, қоршаудың диаметрі 8 м.

№2 – қоршау диаметрі 4 м.

№3 – қоршау диаметрі 5 м.

№4 – қоршау диаметрі 5 м.

№5 – қоршау диаметрі 6 м.

№6 – қоршау диаметрі 6 м.

№7 – қорған диаметрі 21 м, биіктігі 1,2 метр, қорғанның ішкі жағында – диаметрі 19 м қоршау бар, қоршау плиталары жоғары қабатқа 0,1-0,15 м. шығып тұрады.

№8 – қорғанның диаметрі 16 м, биіктігі 0,6 м, қоршау диаметрі 14 м.

Қорғанның барлық үйінділері топырақты.

Жыланды тау қорымын 1984 жылы Варфоломеевтің ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу