Құлса қорымы

Құлса қорымы Ботақара кентінен батысқа қарай 4 км, Қарағанды-Қарқаралы тас жолының оңтүстігінде, қазіргі бейіттерден оңтүстік-батысқа қарай 400 м жерде. Ескерткіш төбе беткейінде орналасқан.

Топырақты қорғандардан, тас қоршаулы қорғандар мен тас қоршаулардан тұрады. Қорғандардың биіктігі 0,8 м. Құрылыстың диаметрі 3-тен 14 м дейін. 30 құрылыс көзге түседі. Нақты санын есептеп шығару олардың бір бөлігінің жыртылған жердің астында қалғандықтан мүмкін болмай отыр. Қорымдағы құрылыстар үлгілеріне қарап ескерткішті қола дәуіріне жатқызуға болады.

Құлса қорымын В.В.Варфоломеевтің ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Құлса қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар