
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Құлса 1 қорымы Ботақара кентінен батысқа қарай 6 км, Плотинное селосынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, Құлса өзенінің оң жағалауында, Нұра өзенінің оң жақ саласында, Қарағанды-Қарқаралы тасжолынан оңтүстікке қарай, төбе басында орналасқан.
Қорым тас-топырақ үйіндісі бар екі қорғаннан тұрады.
№1 қорған - диаметрі 10 м, биіктігі 0,6 м.
№2 қорған - диаметрі 6 м, биіктігі 0,2 м.
Құлса 1 қорымын 1984 жылы В.В.Варфоломеевтің ҚарМУ қызметкерлері ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.