Құлса 2 қорымы

Құлса 2 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Құлса 2 қорымы Нұра өзенінің оң жағалауында, Ботақара кентінен батысқа қарай 9 км, Плотинное селосынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, Құлса өзенінен 170 км, Нұра өзенінің оң жақ саласында, Қарағанды-Қарқаралы тасжолынан оңға қарай орналасқан, Ескерткіш алқапты жерден орын алған.

«Мұртты» қорғаннан және одан оңтүстікке қарай орналасқан қорғаннан тұрады. «Мұртты» қорғанның ұзындығы 65 м, соңы диаметрі 4 м болып келетін кішігірім қорғандармен аяқталады. Сондай қорғандар «мұртты» қорғанның ортаңғы жағында да кездеседі. Орталық қорғанның диаметрі 20 метр, оның ортасында диаметрі 13 м шұңғыма орналасқан. Биіктігі 0,5 м. Оңтүстікте орналасқан қорғанның диаметрі – 9 м, биіктігі – 0,4 м. Барлық құрылыстар тастан қаланған.

Құлса 2 қорымын 1984 жылы В.В.Варфоломеевтің ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу
Құлса 2 қорымы — Archaeology.kz