
Ақпарат
- Орналасуы
- Алматы қаласы, Медеу ауданы
- Кезеңі
- 1884 – 2002
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Собор
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Алматы қаласы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан (Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 40 «В»).
1872 ж. облыстық епархия Ташкенттен Верныйға көшірілуіне байланысты қаладажаңа шіркеу (собор) салу мәселесі тұрады.1884 ж. жаңа собор ғимараты салынғанымен, үш жылдан кейін шіркеу жер сілкінісі салдарынан қирайды. Сондықтан шіркеудің іргесінқалау салтанатты түрде 1904 ж. 26 қыркүйекте басталып, Верный қаласының құрылғанына50 жыл толуына орай 1907 ж. аяқталады. Собор Вознесенск деп аталады, ол оның негізгі алтары Құдайға ғибадат етуге (Иса Мәсіхтің көкке көтерілуі) және қосымша екі алтарь Благовещениеге арналады және діннің қасиетті азап шегуші әулиелері Надежда, Любовь және олардың анасы Софияға, сондай-ақ Жетісудың көктегі қамқоршыларына ескерткіш қойылады. Вознесенск соборы 1911 ж. қаңтар айында болған қуатты жер сілкінісіне шыдап, сейсмологиялық тұрақтылығының жоғарғы деңгейін көрсетеді.
КСРО-ның атеизмді насихаттау саясатына байланысты 1929–1994 ж.ж. Вознесенск соборы ғибадат үшін емес мәдени қажеттіліктер үшін пайдаланылады: 1929 ж. – Қазақстанның Орталық музейі болады. Онда Алматыға жер аударылған жазушы Ю. Домбровский ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Собордың қоңырауханасына бүкіл одақтық радионың антенналары орналастырылады. Бөлмелерінде Қазақ радиокомитеттің хор және солистерінің (оған Б. Байқадамов, Б. Ерзакович, Б. Орлов, В. Пирогова, Л. Хамиди сынды көркемдік жетекшілердің қатысуымен) жазбалары жүргізіледі. Мұнда Пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамы және «Тілші» әйелдер газетінің редакциясы орналасады. 1929 ж. ғимараттың ішкі көрінісінде бірқатар өзгерістер болады. Яғни Қазақ КСР-і Орталық музейінің әкімшілік бөлмесін орналастыру үшін екінші қабат жапсарластырыла салынады. 1963–1966, 1976 ж.ж. архитектуралық ескерткішке қайта қалпына келтіру-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі.1985 ж. Қазақ КСР-і Орталық музейінің жаңа ғимаратқа көшуіне орай, собор ғимаратында Ескерткіштерді қорғау қоғамы мен Көркемөнер көрмесі дирекциясы, кейін Концерттік көрме павильоны орналасады. 1995 ж. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешімімен шіркеу толығымен Алматы-Семипалатинске пархиясына мерзімсіз пайдалануға беріледі. Ғимаратты қаланың қоғамдық ұйымдары пайдаланғаннан кейін «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институтының қызметкерлері храмға, ғимараттың әшекейлеріне және иконостастың құрылымына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді (1995–2002 ж.ж. архитектуралық жобасы Т. Төреқұлов, суретшілер Ю Суписа,В. Лукина).
Вознесенск кафедралы соборының жоба авторы – архитектор К.А. Борисогебский, оны толықтырып, ішінара өңдеген әйгілі сәулетші – А.П. Зенков. Шіркеу эклектиканың гүлденген шегінде тұрғызылады және ХХ ғ.басындағы орыс стилі деп аталатын ресейлік архитектураның жаулап алуы дәуірінің жарқын үлгісі болып табылады. Ғимараттың көлемдік-кеңстіктік композициясы собор құрылысының барлық үлгісіне сай салынған. Ол екі бөліктен– алтары бар негізгі көлем мен ризницадан тұрады, үсті бес (Иса мен төрт апостолғаарналған) күмбезді болып, ал қоңыраухана шатырланып жабылған. Жобасы бойынша крест тәрізді құрылыстың көлемі – 30х50 м,оның бойлық-өстік симметриялық жоспары бар. Негізгі бөлігіндегі кресттің жоғарғы жағындағы күмбезге дейінгі биіктігі – 39,63 м, ал қоңыраухананың биіктігі – 44,2 м. Соборға1800 адам сияды. Екі жағы да құламалы арқалықты шатырындағы кең тікбұрышты терезе тесіктері бар аласа көтерілген сегіз қырлыбарабандардың үстіне салынған сүйірленіп жәнекрестті келген бес күмбез шіркеуді безендіріптұр. Ғимараттың қабырғасы мен шатырдың арқалығы қарамай (шайыр) жағылып екі жылтұрған тянь-шань шыршасының діңгегінен жасалған. «Дойбы тақтасы» секілді қанық бояуда сырланған көркем жабындылы, алтын түсте жылтылдайтын күмбезді келген сәулетті храммен қоңыраухана Верный символының біріне айналып, ХХ ғ. басында қаланың кез-келген нүктесінен көрініп тұрған.
Қасиетті-Вознесенск кафедралы соборы Орыс православие шіркеуінің Астанажәне Алматылық епархиясының біреуіболып табылады. Шіркеуде православиелік мерекелерде құдайға құлшылық ету өткізіліп, жалпы әулие діндарларға мінәжат етуге арналған культтік заттар қойылады. Оданбасқа Вознесенск храмы – ХХ ғ. басындағы ағаш сәулет өнерінің бірегей ескерткіші, Қазақстандағы культтік архитектураның ең үздікүлгілерінің бірі болып табылады. Бұл әлемдег іағаштан салынған биік ғимараттардың бірі болса, православие әлемінде ағаш храмдардыңең биігі болып есептеледі. Собор ғимаратының бірегейлігі сол – оның көптеген бөлігі Жетісу құрылыс тәжірибесінде алғаш рет жүзеге асырылған (темір бетонды құрылым, ағынды-сорғылы желдету жүйесі, армирленген бетонцоколь; сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін бұрыштары мен аралық қабырғалардағы ағаш бөренелер тік қойылған болттармен қысылып бекітілген; ғимараттың периметр бойынша антисейсмикалық ор құрылысы жәнет.б.).
Вознесенск кафедралы соборы Алматы мемлекеттік тарихи-архитектуралық саябақтың құрамына кіретін республикалық маңызы бар тарихи, қала құрылысы және архитектуралық ескерткіш болып табылады. 1982 ж. 26 қаңтарындағы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің №38 Қаулысы бойынша собор ғимараты қала құрылысы және архитектуралық ескерткіш ретінде Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне алынады.
Деректер
Вознесенский кафедральный собор. Верный – Алма-Ата– Алматы. – Алматы: Кумбез, 2001. – 269 с.
Кафедральный собор // Алма-Ата и алматинцы / Н.А. Букетова. – Алматы: Елнур, 2007. – 160 с. ‑ С. 95.
Кафедральный Туркестанский Софийский собор // Памятники истории и культуры Алматы (каталог документов). – Алматы, 2003. – С. 38–41.
Кириков Б.А. Дерево и сейсмостойкость // Древнейшие и новейшие сейсмостойкие конструкции. – М., 1990.– С. 44–48.
Памятники истории и культуры Алматы. Каталог документов / Состав. Л.А. Матвеева. – Алматы: Онер,2003. – 208 с.
Проскурин В.Н. Собор Вознесенский // Свод памятников истории и культуры города Алматы. – Алматы: Казахская энциклопедия, 2006. – С. 87–88.
Свод памятников истории и культуры города Алматы. –Алматы: Казахская энциклопедия, 2006. – 360 с.
Свято-Вознесенский кафедральный собор Алма-Аты(к 90-летию строительства и освящения собора посвящается) / Сост. О. Ходаковская. – Алматы, 1996.– 36 с.