Ақбел қорымы

Ақбел (Пушкино) селосынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км, Қорғанкөл көлінің оң жағалауынан көрініс береді. Көл маңындағы төбеде орналасқан. Дөңгелек екі тас қорғаннан және сопақша тас қаламадан тұрады. Қорғандардың диаметрі 6 м және биіктігі 0,3 м. Алаңның оңтүстік-шығыс жақ шетінде тас қалалар тобы көзге түседі. Қаламалардың көлемі 2х4-тен 3х5 м дейін, биіктігі 0,3-0,5 м. Осы топта көлемі шамамен 7х7 м екі тас бейіттің үйіндісі жатыр. Қорғандар ерте темір ғасырына, бейіттер мен қаламалар – кейінгі орта ғасырға жатады.

Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ақбел қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қорым