Ақжар 2 қорымы

Ескерткіш Жартас өзенінің сол жағалауынан 300 м, Ақжар (Жартас) су қоймасының бөгетінен оңтүстік-батысқа қарай 1,2 км жерде орналасқан. Тас қорғаннан және екі сопақша тас қаламадан тұрады. Қорғанның диаметрі 7 м, биіктігі 0,6 м. Тас қаламалардың көлемі 2х3 м, биіктігі 0,3 м.

Ақжар 2 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ақжар 2 қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Типі Қорым