Екіқазақ 2 қорымы

Екіқазақ 2 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Ескерткіш осы аттас елді мекенде, Қарасу өзенінің сол жағалауында, кішігірім төбешікте орналасқан. Қорым екі тас қорғаннан, екі тас сақинадан және екі менгірден тұрады. 1 қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,6 м, 2 қорғанның диаметрі 6 м, биіктігі 0,5 м. Екі қорған да тонаушылыққа ұшыраған. Тас сақинаның диаметрі 2 және 3 м. Менгірлер қорғандар мен сақинаның арасында орналасқан. Менгірлердің биіктігі 0,6 м дейін жетеді.

Екіқазақ 2 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу