
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Қарасу өзенінің оң жағалауының еңісінде, Жартас (Ақжар) су қоймасынан солтүстікке, Ақжар селосынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан.
Қорым тас қорғаннан және дөңгелек тас қаламалардан тұрады. Қорған мен қаламалар қызғылт граниттен қаланған. Қорғанның диаметрі – 7 м, биіктігі – 0,4 м, қаламаның диаметрі – 2,3 м.
Алмажан 2 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.