Алмажан қорымы

Қорым Қарасу өзенінің оң жақ мүйісінде, Жартас (Ақжар) су қоймасының солтүстігіне қарай, Ақжар селосынан шамамен 22 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Ескерткіш Қарасу өзенінің байырғы жағалауының тегіс биіктеу келген алаңынан көрініс береді.

Қорым кейінгі ортағасырлық жерлеу құрылыстарының - бейіттер мен сопақша тас қаламалардың тас үйінділерінен тұрады. Бейіттер үйінділерінің ортасында тігінен тұрған тас мүсін көзге шалынады. Оның биіктігі жер деңгейінен – 0,8 м, ені – 0,34 м, қалыңдығы – 0,18 м. Тас мүсіннің басын бейнелейтін жоғарғы бөлігі желден өте мүжіліп қалған, басқа бөлшектері қарастыруға келмейді.

Алмажан қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Алмажан қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Қорым