Қаратоқа «мұртты» обасы

Кешен Қарасу өзенінің оң жағалауында, Жартас (Ақжар) су қоймасынан солтүстік-батысырақ, шамамен Ақжар селосынан 20 км жерде. Ескерткіш Қарасу өзенінің байырғы жағалауында, одан 50 км жерде, Қаратоқа қыстауынан солтүстік - батысқа қарай 1,2 км қашықтықта орналасқан.

Қорған тастан қаланған, оның диаметрі – 15 м, биіктігі – 0,5 м. Қорғаннан шығысқа қарай ұзындығы шамамен 70 м, ені шамамен 1,5 м тас «мұрттар» созылып жатады. Шығыс жақтан негізгі қорғанға диаметрі 6 м, биіктігі 0,5 м кішірек қорған сұғына еніп жатады.

Қаратоқа мұртты қорғанын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қаратоқа «мұртты» обасы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Алдын-ала есепке алу тізімі
Мұра типі Типі Мұртты қорған