Қаратоқа обасы
Ескерткіш Қарасу өзенінің сол жағалауында, Жартас (Ақжар) су қоймасынан солтүстік-батысырақ, шамамен Ақжар селосынан 20 км жерде. Еркерткіш Қарасу өзенінің байырғы жағалауында, одан 600 м жерде, Қаратоқа қыстауынан солтүстік - батысқа қарай 1 км қашықтықта орналасқан.
Қорған тастан қаланған, оның диаметрі – 12 м, биіктігі – 0,4 м. Қорған үйіндісінің ортасында диаметрі 6 м, тереңдігі 0,4 м шұңғыма бар. Қорғанды диаметрі 19 м, ені 3 м тас сақинасы қоршап жатыр.
Қаратоқа қорғанын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.