Төртінші лиман қоршауы
Төртінші лиман қоршауы Керней селосынан солтүстікке қарай 6 км, Төртінші лиман бөгетінен оңтүстік-шығысқа қарай 300 м, Төртінші лиман қорымынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 120 м және Бесінші лиман бөгетінен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 800 м жерде орналасқан. Қоршау төрт гранитті плитадан қаланған және пішіні төртбұрышты болып келген. Қоршаудың көлемі – 3х3 м. Жоғарғы жақтағы плиталардың биіктігі 0,1-ден 0,3 м дейін. Қоршаулардың плиталары сыртынан қаланған, ал ішкі жағы таспен толтырылған. Ескерткіш ежелгі түрік дәуіріне жатады.
Ескерткішті 2001 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ САИ барлау тобы ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.