Ордабай қорымы

Ордабай қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Ордабай қорымы Керней селосынан солтүстікке қарай 5 км жерде, таулы- орман алкабындағы Сарқырама елді мекенінде. Ескерткіш маусымдық су ағысының сол жағалауында, су ағысынан оңтүстік-батысқа қарай 400 м жазық алаңда орналасқан. Бұрыңғы жазғы сауыншылар орнынан оңтүстік-шығысқа қарай 300 м, су ағысы бөгетінен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 300 м жерде. Оңтүстік-шығыстан қорымға қарай ежелгі қазақ бейіттері созылып жатыр. Ескерткіштен 10 құрылыс табылған. 1 және 2 құрылыс әлдеқайда жақсы сақталып қалған.

№1 құрылыс – тігінен қаланған плиталы тас қоршау. Қоршаудың диаметрі – 9 м. Қоршаудың іші – биіктігі 0,6 м топырақ үйіндісі. №2 құрылыс– осындай пішінді диаметрі 8 м және үйінді биіктігі 0,4 м қоршау. Басқа құрылыстар бүлінушілікке ұшырап, плиталары шашылып қалған. Нақты пішіні мен көлемін анықтау мүмкін болмаған.

Ордабай қорымын 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу