Үміткер 2 қорымы

Үміткер 2 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Сыртқысу (Шат) өзенінің сол жағалауында, Үміткер селосынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 2,8 км жерде орналасқан. Қыратты аймақта қарағандар арасынан қабырғасынан қалаған плиталы 9 гранитті қоршау орналасқан. Қоршаулар көлемі – 6х7 м, диаметрі 6 м, тікбұрышты және сопақша пішінді болып келген. Кейбір қоршаудың ортасында бүгінгі күнгі шұңқырлар – тонаушылық белгілері көзге шалынады.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу