Үміткер қорымы

Үміткер қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Сыртқысу (Шат) өзенінің сол жағалауында, Үміткер селосынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 3,3 км жерде орналасқан.

Қорым 50 тас қоршаудан тұрады. Қоршаулар сопақша, тікбұрышты, дөңгелек пішінді болып келген. Қабырғасымен енгізілген плиталардан қаланған. Кейбір қоршауларда тас жәшіктер көзге түседі. Қоршаулардың көлемі: сопақшасы – 7х5м, тікбұрыштысы – 6х12 м дейін, дөңгелек қоршаулардың диаметрі 5-тен 10 м дейін жетеді. Көптеген қоршауларда бір-екіден жалғас салынған жайлар бар. Қоршаулар плиталарының биіктігі жоғары қабаттан 0,3 м дейін шығып тұрады.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу
Үміткер қорымы — Archaeology.kz