Танабай қорымы

Танабай қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1000
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Шаңтимес өзенінің оң жағалауында, Төрткөл селосынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 1,4 км жерде орналасқан.

Оған плиталары тігінен қаланған 30 қоршау кіреді. Қорымның орталық бөлігінде диаметрі 10-15 м биіктігі 1 м дейін топырақ үйінділі дөңгелек қоршаулар бар. Кішігірім көлемді қоршаулар қоршаудың перифериясын құрайды, олар дөңгелек, сопақша, тікбұрышты, төртбұрышты, топырақ үйінділі және үйіндісіз, кейбірі жалғастырыла салынған тас жайлары бар болып келеді. Кейбір қоршаудың топырақ үйінділерінде кішігірім тас жәшіктер көзге шалынады.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу