Тамбай «мұртты» обасы

Тамбай «мұртты» обасы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Мұртты қорған
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Шаңтимес өзенінің оң жағалауында, Төрткөл селосынан солтүстік-шығысқа қарай 1,6 км жерде. Бұл үш қорғаннан және үш мұрттан тұратын кешен. №1 қорған – диаметрі 8 м, биіктігі 0,7 м тас қорған. Бұл қорғаннан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы шамамен 100 м тас мұрттар басталады. №1 қорғанның шығысында 30 м жерде оңтүстік-оңтүстік батыс – солтүстік-солтүстік шығысқа қарай диаметрі 7 м, биіктігі 0,6 м екі тас қорған орналасқан. Олардан әдеттегідей, ұзындығы шамамен 60 м екі тас мұрт келіп шығады. Барлық мұрттар диаметрі шамамен 2 м дәстүрлі кішігірім қорғандармен басталып, аяқталып отырады.

2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу
Тамбай «мұртты» обасы — Archaeology.kz