Шанша 2 қорымы

Шанша 2 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 1700
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Төрткөл селосынан солтүстікке қарай 10 км жерде. Сыртқысу өзенінің оң жағалауында орналасқан, оның сол жақ сағасының қарсысында – Алшымбай өзені, Шанша қорымынан 100 м шығысқа қарай көрініс береді. Ескерткіш мұртты қорғандардан және жекелеген қорғандардан тұрады. Мұртты кешеннің орталық қорғаны тас-топырақты, диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м, сопақша пішінді, ортасында – дөңгелек пішінді шұңғыма орналасқан. Батысқа қарай 10 м жерде диаметрі 12 м, биіктігі 0,3 м тағы бір қорған бар. Тас иінді-мұрттар ұзындығы – шамамен 150 м болып келеді, олар шығыс-солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Иіндер диаметрі 4 м-дей, биіктігі 0,4 м кішігірім қорғандардан басталып аяқталып отырады. Мұртты кешеннен батысырақ тағы 2 қорған бар. Мұрттар арасымен орталық қорғаннан шығысқа қарай 20 сопақша келген тас қаламалар – ежелгі қазақ бейіттері кездеседі.

Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу