Борлы обасы

2012 жылы И.А. Кукушкин мен В.Г.Ломанның басшылығымен САЭ археологиялық экспедициясы Борлы қорғанындаархеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорған Төртқұдық с. оңтүстікке қарай 6 км жерде, шығыстан бастысқа қарай созылған биік төбе абсында орналасқан. Қорған үйіндісінің ортасында таяздау шұңқырша кездеседі және өңделмеген ірі тастардан қаланған. Оның диаметрі 10 м, биіктігі – 0,5 м болып келеді. Объектіде «Б-Ш» бойымен жиекті, жалпы аумағы 80 шаршы метр қазба жұмысы жүргізіледі.

Тас үйіндісінен тазартылған соң қорғанның орталық бөлігінде тікбұрышты пішінді, дөңгеленіп келген, көлемі 2х1 м, тереңдігі 0,9 м, ұзындығы «СБ-ОШ» бойындағы оське бағытталған топырақты қабір шұңқыры анықталады. Шұңқырдың периметрі әртүрлі пішіндегі және көлемдегі тас плиталармен жабылған.

Қорымның түбінде басы солтүстік-батысқа қаратылып, қолдары денесінің бойымен төмен созылған, шалқасынан жатқан адамның сүйектері тазартылып алынады.

Басы сәл жоғары қаратылып жатықылғандықтан бас сүйегі жағына сүйеніп тұр деп айтуға болады. Оң жағында, жамбасы мен кәрі жілігінің астынан үлкен, жалпақтау келген, сыртында ілмегі бар қола айна табылады. Айнаның диаметрі 16,5 см, ортаңғы бөлігінің қалыңдығы – 0,4 см, диск ортасына қарай орналасқан доға тәріздес ілмектің ені - 1 см. Басқа заттар табылмаған. Алдын ала болжам бойынша сүйектер орта жастағы еуропеид пішінді әйел адамдікі деп айтуға болады.

Мұндай ернеусіз ортасында тұтқа-ілмегі бар айна негізінен б.з.д. VI–V ғғ. кешендеріне тән болып келеді. Бұл айна Қазақстан аумағындағы тасмола мәдениетіне тиесілі. Сол себепті, Бөрілі қорғанынан табылған айнаны б.з.д VI ғасырға жатқызуға болады.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Ломан В.Г. Курган Борлы // Археологические исследования степной Евразии. – Караганда, 2013. – С. 192-195.

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Борлы обасы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұра типі Типі Оба