Мұзтау (Белуха) шыңы

Алтай тауларының Сарыкөл кешенін зерттеу барысы. З. Самашев түсірген фотосурет ең биік шыңы болып табылатын Мұзтау шыңы Қазақстан мен Ресейдің шекарасында, Бұқтырма өзенінің алабында орналасқан. Оның биіктігі 4500 м-ді құрайды. Таудың орысша атауы – Белуха. Бұл атаудың пайда болуы жөнінде география ғылымдарының докторы А.П. Горбунов былай деп жазады: «Бұл атау ортодокстық ресейлік шіркеудің қуғындауымен XVIII ғ. соңында осы жерге келген ескі дәстүрді ұстанушылардың келуімен байланысты пайда болуы мүмкін» [Дәйексөз: Горбунов, 2014].

Таудың алтайлық Музду-туу (Мұзды тау) атауы қазақтың Мұзтау (Мұз тау) атауымен сәйкес келеді. Бір кездері алтайлық және қазақша атаулардың тұтастай сәйкес болғандығы жөнінде айтуға болады. Таудың қазақша дұрыс атауы алтайлықтардағыдай – Мұзды тау болуы тиіс. Таудың тағы да бір алтайлық атауы – Қадын бажы (Қатун шыңы). Таудың екінші орысша атауы – Қатун бағаналары.

Белуханың сілемінде екі түзу емес қар пирамидалары орналасқан. Пирамидалар немесе мүйіздер арасын жалпақ жалғастырғыш белдеу орналасқан. Белуханың басқа да Ак- сүрү (ақ шың) және Yч-Айры (үшке бөлінген) атаулары бар. Бұл тау – ерекше құрметке ие. «Оған тіпті қарауға болмайды» деп діндар ақсақалдар айтады екен. «Көптеген аңшы- алтайлықтар қарлы асуларға дейінгі тау соқпақтарын жақсы біледі. Бірақ олардың қызметі Ийик деген жалпы атауға ие қорықтық таулардың табанында таусылады» [Дәйексөз: Сапожников, 1949].

Алтайлықтардың арасында киелі табынушылық нысаны ретінде қызмет еткен таулар қазақтың дәстүрлі қоғамында да қастерлі-сыйлы мағынаға ие болған. Қазақтар мен алтайлықтардың тауларға деген мұндай қатынасының мәні ортақ тарихымыздың тереңінен, ерте түрік заманынан, үш мүйізді бас киімі болған Ұмай анадан бастау алады. Сондықтан олар киелі – ийик деп аталған.

Осындай киелі атаумен Байгөл (Алтай) өзенінің жоғарғы жағында орналасқан Үч-Сүрү Алтай тауы аталады.

Деректер

Горбунов А.П. Белуха, или Музтау // Краткий энциклопедический словарь исторических топонимов Казахстана. – Алматы, 2014. – 528 с. – С. 87, 88.

Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая. – Горно-Алтайск: Горно-Алтайское отделение АКИ, 1979. – 400 с.

Сапожников В.В. По русскому и монгольскому Алтаю. – М.: Географгиз, 1949. – 579 с.+ 7 л. карт. – С. 98.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Мұзтау (Белуха) шыңы
Орналасқан жері Шығыс Қазақстан облысы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші