Қоңыр әулие үңгірі

Семей − Қайнар тас жолының оңтүстігінде Семей қаласынан 220 км жерде орналасқан (Шығыс Қазақстан обл., Абай ауданы).

Бор жынысынан тұратын табиғи ескерткіш. Алғаш рет жазбаларға көне түркілік кезеңде түскен. Қоңыр әулие үңгірі бала сүюге зар болып, осы үңгірдің қараңғы бұрыштарына жасырынған тылсым күштердің көмегіне жүгінген адамдар арқылы белгілі болған. Жергілікті қазақтардың айтуынша, соғыс кезінде жарақат алған адамдар осы үңгірге келіп, жараларын емдеген. Үңгір өзінің тарихымен, аңыздарымен аты шыққан. Үңгірдегі судың емдік қасиетті бар деп саналған, оның суына шомылған адамдар анадан жаңа туғандай болып, күш-қуат алады деген сенім болған. Бұл үңгірді 1912 ж. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі зерттеген. Қоңыр әулие үңгірі туралы қазақ жазушысы М. Әуезов «Абай жолы» романында жазған.

Үңгірге кіретін жер – елеусіздеу қуыс. Кіретін қуыстың биіктігі 2 метрден сәл асады. Кіреберістен он метр әрірек тас мүсін жатыр. Оны жергілікті жұрт «қалмақ» деп атайды. Кіреберістің оң жағында негізгі үңгір бар. Оның ұзындығы – 115-120 метр, ал ені 10 метрден 40 метрге дейін. Әріректе шағын жерасты көлі бар. Жартастардың астымен осы жұмбақ су қоймасына дейін 150 метрдей аралықты жүріп өту керек. Үңгірдегі су қоймасының мөлшерлі көлемі – 8–17×12–15 м, тереңдігі 5 метрге дейін. Суы аса мөлдір, татсаңыз әк дәмі білінеді. Су температурасы Цельсий шкаласы бойынша + 4 градус. Қоңыр әулие үңгірі – Республикалық маңызы бар ескерткіш. Үңгір тәуап ету орнына айналған, киелі жер болып есептеледі.

Дерек

Фото предоставлены отделом культуры и развития языков Абайского района ВКО.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қоңыр әулие үңгірі
Орналасқан жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші