Қойтас құрбандық орны кешені.

Табиғи нысан – Әулиетас жартастарына орайластырылған қола және ерте темір дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын жерлеу және ғұрыптық ескерткіштер тобы. Қойтас ауылынан солтүстікке қарай 1 км жердегі, өзектің сол жағалауындағы тегіс алаңқайда орналасқан (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы). Ескерткішті 1972 ж. Павлодар облыстық музейі экспедициясы ашқан. 2007 ж. В.К. Мерц басшылығымен Павлодар археологиялық экспедициясының барлау тобы зерттеді.

Ескерткіш диаметрі 11 м, биіктігі 0,6 м болатын тас пен топырақ үйіндісі астында қоршауы бар үш обадан; диаметрі 3-6 м аралығындағы 11 дөңгелек қоршаудан; диаметрі 3х4х0,3 м келген бес сопақ және дөңгелек обалардан және батыстан шығысқа қарай тізбектеліп жатқан диаметрі 4-тен 8 м-ге дейінгі тоғыз тікбұрышты қоршаудан тұратын кешен. Қоршаудың бірінде құлпытас бар. Тізбектің шығыс шетінен 50 м солтүстікке қарай, Әулиетас жартасының оңтүстік-шығыс етегінде сегіз тастан құралған бірнеше шеңберлі ғұрыптық қоршаулар орналасқан. Жартастың сырт жағында, төбенің үстінде диаметрі 3-5 м, биіктігі 0,4 м болатын төрт тас оба мен бірнеше қазақ зираттары да анықталған.

Ескерткіштер қола дәуірі мен ерте темір ғасыры тайпаларының ғұрыптық наным- сенімдеріне байланысты от пен Әулиетас жартасына табыну (құлшылық ету) рәсіміне қатысты болса керек. Оны таудың етегінде орналасқан сегіз тастан түзілген көптеген құрбандық орындары да растайды.

Ескерткіш Солтүстік-шығыс Сарыарқаның қола және ерте темір дәуірлері мен ортағасырлық көшпелілерінің заттай және рухани мәдениетін зерттеу үшін таптырмас мәдени- тарихи маңызы бар нысан болып есептеледі.

Деректер

Археологические памятники Баянаульского района. – Павлодар: тип. № 4 им. Вс. Иванова, 1974. – 103 с. – С. 15.

Мерц В.К. Могильник Койтас I // Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарская область. – Алматы: Аруна, 2010. – 600 с. – С. 343.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қойтас құрбандық орны кешені.
Орналасқан жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші