Қоңыр әулие үңгірі

Баянауыл ауылынан батысқа қарай 12 км, Жасыбай көлінен 4,5 км қашықтықта орналасқан (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы). Үңгір Баянауыл тауындағы биік жартастың жоғары жағында орналасқан. Қоңыр әулие үңгірі тау қырқасындағы ішке қарай жіңішкере түсетін екі табиғи қуыстан тұрады.

Үңгірдің табыну орны болғаны жайлы XVIII ғ. жазба деректерден белгілі. Қоңыр әулие үңгіріне киелі орын ретінде табыну Сарыарқа даласын мекендеген тайпалардың әртүрлі діни тәжірибелерінің араласуы негізінде пайда болуы мүмкін. Болжамдардың бірі бойынша, үңгір неолит және қола дәуірі тайпаларының діни тәжірибесін сипаттайтын зиярат ету орыны болып табылады. Сонымен қатар түркі дәуірі кезіндегі діни нанымдардың ықпалы байқалатынын атап өту қажет. Н. Коншиннің жорамалдауы бойынша, Әулиетасқа зиярат ету дәстүрі қазақтарға XVIII ғ. дейін Баянауыл тауларын мекендеген қалмақтардан берілуі ықтимал. Нысанның «Әулиетас» және «Қоңыр әулие» деп екі атаумен аталуы ерекше ғылыми қызығушылық тудырады. Жазба деректерде XVIII ғ. қазақтар арасында Әулиетас үңгіріне табынғандығы анық берілген. ХХ ғ. басындағы деректерде де дәл осындай атау беріледі. Қазақтар арасында нысанның «Әулиетас» және «Қоңыр әулие» атауларыныңбірдей белгілігіне қарамастан, бұл күнде соңғысы жиі қолданылады. Үңгір атауын өзгерту мен қайсысын қолдану мәселесін әлі де зерттеу қажет.

Үңгір туралы деректер П.И. Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде айтылған. Ол Баянауыл тауын сипаттай отырып, нысан туралы келесі мәліметтерді жазды: «осы тауларда көлі бар үңгір туралы айтылады. Ал көлде ерекше түрге жататын кішкентай құстар бар. Сонымен қатар, бұл жерде киелі деп саналатын мұсылмандардың табыты бар. Мұнда қазақтар сенім білдіріп, келіп суға түседі, сол арқылы түрлі ауру-сырқаудан айығады деп сенеді». Кейін, ХХ ғ. басында, И.Я. Коншин, А.Н. Сидельников, Т.П. Белоногов және П.Н. Столпянский өз жұмыстарында Әулиетас үңгіріндегі діни жоралғыларды сипаттаған. Үңгірді ХХ ғ. 60-шы жылдары павлодарлық өлкетанушылар бірнеше рет, 1969–1970 ж.ж. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі экспедициясы, 2007 ж. В.К. Мерц жетекшілік ететін Павлодар археологиялық экспедициясы зерттеді.

Үңгірге ұзындығы 110 метр болатын баспалдақ арқылы шығуға болады. Тәуап етіп келушілерге ыңғайлы болу үшін әрбір 10- 15 метр сайын демалыс алаңдары жасалған. Үңгір орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған жартас граниттердің кристалл жыныстарынан тұрады және тектоникалық қозғалыстар мен желдету нәтижесіндеқалыптасқан. Тау шыңының батыс жағында орналасқан үңгірге кіретін қуыстың ені 1,8– 2,5 м. Үңгірдің ішкі ұзындығы шамамен 30 м, биіктігі 7 м болатын «залдан» тұрады, ол жіңішке, жоғары көтерілетін, дәліз тәрізді қуыспен жалғасады. Одан ары қарай жоғары жақта өте тар өтпе жол мен қазаншұңқыр бар. Мұнда жартас сызаттарынан шығатын су ағып жиналады. 1970 ж. салынған барлау шұңқыры табынушылар құрбандыққа шалған малдардың көптеген сүйегін табуға мүмкіндік берді. 1900 ж. өлкемізге саяхат жасаған Н. Коншин үңгірді былай сипаттайды: «Үңгір тау ортасынан жоғары орналасқан және алыстан қарағанда қара ойық сияқты көрінеді. Үңгірге барар жол аса күрделі емес, бұталармен, тас жоқ жерде итмұрын мен бөріжидек өсіп кеткен тау кертпештері бойынша жолақпен жалғасып жатыр. Үңгірдің кіреберісі адам бойынан айтарлықтай биік, үш бұрышты келген. Кіреберіске дейінгі бірнеше аршын болатын алшақтықта есігі бар ағаш қалқа орнатылған: үңгірдің едені, қабырғасы мен төбесі – тас. Ол біртекті емес, төбесі біресе жоғары, біресе аласа дәлізге ұқсайды: менің байқауымша, үңгір ұзындығы кемінде 10 сажын, ал ені – шамамен бір сажын. Үңгірдің іші жертөле секілді ылғалды, салқын әрі қараңғы, сондықтан оны көру үшін майшам алған дұрыс. Дәліздің соңында ортасы шұңқыр тас жатыр. Мұнда үңгірдің төбесі мен қабырғаларынан мұздай су тамып, жиналады. Қазақтар бұл тасты «қазан» деп атайды. Оның ішінде су ішу үшін бірнеше ағаш қасық жатты. Үңгірде қазақтардың жиі келетінін аңғартатын іздер бар, оған әбден тапталған жол апарады, көп жерде қой сүйектері жатыр, үңгірге кіреберіс алдындағы бұтақтар мен тастарға шыт мата, киіз және басқа да материалдардың қиқымдары байланған».

Қазақтардың наным-сенімі бойынша, Қоңыр әулие үңгірі киелі орын деп саналған. Аңыз бойынша, Қоңыр әулие әлемді топан су басқан кезінде үңгірдегі су көзін ашқан, ал үңгір пайғамбардың аруағы паналайтын орынға айналған. Құдайдың құдыретімен әлемді су басқан кезде Нұх пайғамбардың кемесіне қазақтың үш әулиесі – Құлан, Қыран және Қоңыр симай қалады. Бірақ үш әулие мойынсұнбай, үш бөренені байлап, кеменің ізіне түседі. Біршама уақыт болғанда бөренелердің байлауы үзіліп, дауыл тасқынның нәтижесінде аталар бір- бірінен айрылып, үш жаққа жүзіп кетеді. Дауыл тоқтағанда Қоңыр әулиенің бөренесі ақ тауға келіп тіреледі. Әулие осында қалып, құздағы үңгірде тұрақтап қалады. Қазақтардың сеніміне сай, әулие қайтыс болған соң оның рухы үңгірде қалған.

Қоңыр әулие культі ислам дініне дейінгі наным-сеніммен байланысты және қазақтар арасында ислам діні таралған кезде де жалғасын тапты. Бұл культ исламға дейінгі анимистикалық сенімнің, бабалар аруағын қастерлеу мен кеме туралы ислам аңыздарының элементтері араласқан далалық діни синкретизмнің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл тұжырымды Н. Коншин айғақтайды: «Бұл салттардың сипаттамасы мұсылмандыққа дейінгі ерте кезеңде қалыптасқанын байқатады. Татарлар үңгірлерге табынбайды, оған тек орыстар секілді қызығушылық үшін ғана барады». Исламға дейінгі қазақтардың наным-сенімін зерттеуші Р.М. Мұстафинаның пікірі бойынша, «исламға дейінгі дәстүр мұралары ислам үстемдігі жағдайында осы діннің дәстүрлерімен араласып, исламдық сипатқа ие болды және жаңа ислами көзқарастың элементтері ретінде жиі қабылдана бастады».

Қазақтардың сенімі бойынша үңгірдегі қазанның суы ерекше шипалы саналады. Қоңыр әулие үңгіріндегі судың емдік қасиетіне сенім түркі тілдес халықтар арасында таралған «Жер- Су» анимистикалық нанымымен, су рухына сенуіне байланысты болуы мүмкін. «Отанның толық географиялық сипаттамасында» Әулиетас үңгіріндегі су культіне келесі сипаттама беріледі: «... батыс жақтағы қабырғада үлкен, ортасында шұңқыры бар тас жатыр. Мұнда үңгірдің қабырғасы мен төбесінен ылғи ағатынсуық, мөлдір су жиналады, ол қазақтардың сеніміне орай мол емдік қасиетімен ерекшеленеді. Үңгірге келетін қазақтар осы суды ішеді, дененің ауыратын мүшелерін осы сумен жуады және мұсылманша дәрет алуы үшін қолданады». Үңгір суының қасиетіне сену өніп-өсу культімен тығыз байланысты. «Сипаттамада» атап өтілгендей, Әулиетаста «қазақтардың наным-сеніміне сай үңгірдің қасиетті суы бедеулікті емдейді, сондықтан үңгірде әйелдер көп болады».

Н. Коншин үңгірдегі салт-жораны: «Әулиетасқа сырқат, кедей қазақтар, баласыз әйелдер дұға етуге барады. Әдетте кешқұрым келіп, түнде үңгір ішінде немесе оның маңайына түнеп қалады. Байлар қой сойып, үңгірге кіреберіске қазан орнатып, ет салады. Етті міндетті түрде үңгірдегі қазаннан алған суға қайнатады. Дәрет алу үшін де осы суды қолданып, ішеді, денесінің ауыратын мүшелерін жуады. Қазақтардың сеніміне орай, су емдік қасиетке ие. Кейін маған баянауылдық қарт – қазақ (Шағыбай Тасыбай) айтқандай дұға етушілер шиді сойылған қойдың майына малынған мақта немесе шүберекке орап, шам жасайды; бұл шамдарды (шырақты) үңгір ішінде жағады...Үңгір жанында түнеген кезінде көрген түске байланысты тілектің орындалатынын немесе орындалмайтынын болжауға болады. Кедейлер құрбандық ретінде барлық жерге мата қиындыларын ілсе, жоғарыда айтылғандай, байлар қой сойып, үңгірдегі қазан ішіне ақша салады. Шағыбайдың айтуынша, кедейлерге бұл ақшаны алуға болады, бірақ алдымен үңгірдің әулие рухына «тақсыр, ашуланба, маған бұл ақшаны алуға рұқсат ет» деп айтуы тиіс» – деп сипаттайды.

Қазіргі таңда үңгір діни, киелі туризмнің танымал орны болып табылады. Кей адамдар түрлі үміт пен өтінішті арқалай келсе, енді бірі қызығушылықпен келеді. Егер адам ниеттеніп, тілегінің орындалуын қаласа, міндетті түрде ол орындалады деген наным бар. Әйелдер үңгірге көптеп барады, бұл бедеуліктен арылтып, бала тууға әсер етеді деген сенімге байланысты. Нысанның киелі мәні Ертіс өңірінің тұрғындары мен қонақтары аталар дәстүрін сақтап, Қоңыр әулиені киелі орын деп қастерлеуімен, салт-жоралғыларды жүргізіп, дұға оқу үшін үңгірге зиярат етіп баруымен сипатталады.

Деректер

Коншин Н. От Павлодара до Каркаралинска // Труды по казахской этнографии.– Астана: Алтын кітап, 2007. – 2-е изд. – Т. 7. – 310 с. – С. 5–65.

Мустафина Р.М. Традиции почитания святых у казахов, образы которых связаны с официальной исламской традицией // Вестник КазНУ. Сер. Востоковедение. – 2008. – № 3. – С. 31–37.

Народные предания (информатор А. Курманов, 1969 г.р.) Россия. Полное географическое описание нашего отечества: Настольная и дорожная книга. Т. XVIII. Киргизский край / Под ред. В.П. Семенова и под общ. руководством П.П. Семенова, вице-пред. РГО и проф. В.И. Ламанского, пред. Отд-ния этнографии РГО. – СПб.: А.Ф. Девриен, 1913. – 478 с. – С. 389.

Рычков П.И. Топография Оренбургская. В 2-х частях. – СПб.: изд-во Академии наук, 1762. – Ч. 1. – 331 с. – С. 241.

Свод памятников истории и культуры Республики Казахстана. Павлодарская область. – Алматы: Аруна, 2010. – 600 с. – С. 287.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қоңыр әулие үңгірі
Орналасқан жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші