Қалмаққырған тауы

Ақшиман ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6-7 км қашықтықта орналасқан (Павлодар облысы, Май ауданы). Нысан – көбінесе таулы гранитті жыныстан тұратын Сарыарқаның аласа таулы сілемі.

Қалмаққырған тарихи дастандарда XVIII ғ. бастап қазақтар мен жоңғарлардың Сарыарқа даласы үшін шайқасқан орны ретінде белгілі. Бұл аласа таулы сілем XVIII ғ. ортасына дейін Серектас деп аталған. ХІХ ғ. Қалмаққырған атауы Ертістің Павлодар өңірі жұртшылығының санасында аласа таулы сілемнің топонимі ретінде бекітіліп, Павлодар уезі құрамындағы болыстың атауына (Қалмаққырған болысы) айналады.

Қалмыққырғандағы шайқастың болған уақытына қатысты тарих ғылымында бірнеше нұсқа бар. Әлихан Бөкейхановтың «Қырғыздардың жер пайдалануы бойынша материалдардың... » төртінші томының «Уездің қоныстану тарихы» бөлімінде мынадай жолдар кездеседі: «Айдаболдың кенже ұлының немересі, Абылай ханға қызмет еткен Олжабай батыр осыдан 160 жыл бұрын, яғни 1730 жылдары Баянауыл тауларына келген. Мұнда Олжабай қырғыздар (қазақтар – Авт.) ұзақ жылдарға созылған күрестен соң оңтүстікке ығыстырған қалмақтарды кездестіреді. Қалмақтармен болған қақтығыстарды қырғыздардың суырып салма «ақындары» әсірелеп баяндайды, олар қалмақтардың қуылуын «жаужүрек Олжабай батыр мен оның атақты ханы Абылайға» тиесілі етіп бейнелейді. Уездің оңтүстік- шығыс бөлігінде Шідерті өзенінің жоғарғы ағысындағы Шүршітқырған төбесі мен уездің оңтүстік-шығысындағы Қалмаққырған тауы Павлодар уезі аумағындағы қазақ пен қалмақтардың арасындағы ұзақ күрестің мәңгілік ескерткіштері ретінде сақталды. «Қырған» «қырмақ » етістігінен шыққан, сою деген мағынаны білдіреді. «Шүршітқырған» және «Қалмаққырған» еркін аудармада қалмақтардың жеңілген жері немесеқалмақтардың қырылған жері дегенді білдіреді. Осылайша, Ә. Бөкейхановтың пікірінше, Қалмаққырғандағы шайқас 1730-шы ж.ж. басында болған. Ал Әлкей Марғұланның пікірі өзгеше. Ол Жасыбай батыр қайтыс болған Баянауыл тауларындағы ұрыс пен Қалмаққырғандағы Олжабай батырдың қалмақтарды жаппай қыруы XVIII ғ. 40-шы жылдары болды деген тұжырым жасайды.

«Қалмаққырған» аласа таулы сілемі қазақ-жоңғар соғысы дәуіріндегі ұрыс алаңы болғаны анық. Қазақ әскерінің ішінде атақты Жасыбай батырдың өлімі үшін кек алған, бетке ұстар батыры – Олжабай болды. Қазақ тарихының білгірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Сарыарқа тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, қоныстанғаны – Абылай хан заманынан аз- ақ ілгері. Бұл қазақ иесіз жатқан жерді басып алған жоқ, «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» жан кешіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында қалмақпен шайқасып, шыбын жанын нысанаға байлап, қаншама сарбаздар жау қолында оққа ұшып, өлгені өліп, қалғаны қалып, сөйтіп алған жер еді. Баянауыл тауында «Жасыбай асуы» – сол Жасыбай, қазақтың батыры, қалмақпен атысып, оққа ұшып, сол жерге жерленгеннен кейін, «Жасыбай» аталып кеткен. Қызылтаудың бауырында «Қалмаққырған» деген жер – қазақтардың қалмақтармен соңғы шайқасқан жері болды. Жасыбай оққа ұшқан жолы ер Олжабай бас болып аттанып, қалмақты сол жерге қойдай қамап, иіріп қойып қырып, сонан: «Қалмаққырған» атанған. Сонан соң қайтып қалмақ бұл Арқаны көре алған жоқ». Бұл жұмыстың бір нұсқасында Мәшһүр Жүсіп Олжабай батырдың майдандас серігі ретінде тортуыл руынан шыққан Баймұратты атайды.

Қазақтардың ауыз әдебиетінің үлгілерінде Қалмаққырған шайқасында басқа дабатырлардың қатысқаны туралы айтылады. Жамал қожаның қолжазбасынан үзінді келтірсек:

Бекініп Серіктасқа қалмақ қолы,

Батырлар басқа жаққа кеткен бәрі.

Есітіп бұл хабарды келген дейді,

Бөгенбай, Олжабай мен Малайсары.

Батырдың не секілді бәрі барған,

Қан төгіп қазақ, қалмақ соғыс салған.

Айтуы бұрынғының рас болса,

Қалмақтан осы жолы көп олжа қалған.

Соғыста қолға түскен Құба мерген,

Қалмақтың батырлары көп қырылған.

Серіктас деген атты қалдырысып,

Аталып Қалмаққырған содан қалған.

Мәшһүр Жүсіптің деректеріне сәйкес, Олжабай, Жасыбай батырлар бастаған Баянауыл таулары мен Қалмаққырғандағы қазақ жасақтарының қалмақпен ұрыстары Сарыарқаның болашақ тағдырын шешіп, қазақтар бүкіл даланың иесі атанды. Халық арасындағы аңыздарға сай қалмақтардың қалған бөлігі Қалмаққырғанның батыс бөлігінде орналасқан кішігірім үңгірде жасырынған.

Қалмаққырған қазақ-жоңғар дәуірі шайқастарының басқа да белгілі жерлері сияқты қазақ халқы тарихының ерекше орыны, тарихи аңыз-әңгімелерге бай табиғи ескерткіш болып табылады. Қалмаққырғанның киелі нысан ретіндегі мәні Орта жүз қазақтарының санасында Қалмаққырған бүкіл Сарыарқаның тағдыры шешілген соңғы шайқас алаңы ретінде қалыптасуына тоғысқан.

Деректер

Аллаберген Қ. Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай // Олжабай батыр – ел қаһарманық: Олжабай Толыбай ұлының 300 жылдығына орай ғыл.-практ. конф. матер. – Павлодар, 2013. – 34–38-бб.

Век казахско-джунгарского противостояния / Под. ред. Е.М. Арын, отв. ред. Ж.О. Артыкбаев; сост. Н.Е. Кузембаев. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 274 с.

Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер / бас ред. А. Нухұлы. – Павлодар: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – Т. 1 – 188 б.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Сарыарқа тарихы (1, 2, 3 нұсқа) // Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 8 т. – 452 б. – 264– 290-бб.

Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармасындағы «Олжабай» батыр бейнесі // Олжабай батыр – ел қаһарманық: Олжабай Толыбай ұлының 300 жылдығына орай ғыл.- практ. конф. матер. – Павлодар, 2013. – 38–44-бб.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қалмаққырған тауы
Орналасқан жері Павлодар облысы, Май ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Тарихи ландшафт Табиғат ескерткіші